Солтүстік Кореяға саяхат: Жұмбақ елдің ҚҰПИЯЛАРЫ

0
3 916

Солтүстік Корея шын мәнінде бірегей коммунистік ел болып саналады.


Солтүстік Кореяға саяхат: Жұмбақ елдің ҚҰПИЯЛАРЫ

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Кореядағы туризм деңгейі көршілес Оңтүстік Кореяға қарағанда әлдеқайда төмен. Бірақ туристер қызығатын ерекше орындар жоқ емес. Сондай-ақ, бұл елдің оңтүстік бөлігі туристер үшін жайсыз. Себебі ондағы өнеркәсіптен бастап автомобиль өндірумен аяқталатын барлық салалар халыққа емес, мемлекетке тиесілі.


Солтүстік Кореяға саяхат

Бұ елдің халқы барлық жетістікке еңбекқорлықтың, сан ғасырлық табандылықтың арқасында жеткен. Сондықтан олар өз тарихтын өте қатты құрметтейді, ал көрнекті тарихи ескерткіштер арасында Абакан табыты, Король Тангунның зираты, Анхаккун корольдің сарайы секілді орындар бар.


Бүгінде КХДР туризмі қарқынды дамып келеді. Туристік саяхаттар түрлі бағдарламаларға толы. Оған қоса, әрбір келуші жеке гидпен қамтамасыз етіледі де, таныстырушы елдегі барлық ерекшеліктерді, сәулет ескерткіштері мен ескі ғимараттарды көрсетіп шығады. Демек, туризм саласының арнайы бағдарламасы бар деуге болады.

Қай жеріне барамыз?

Негізінен туристердің басым бөлігі елдің орталығындағы Шығыс теңізі мен Пхеньянға барады. Ал ғажайып Пэктусан тауына ұшақпен бармаса, жаяу жету мүмкін емес. Мемлекеттің бірегей ерекшелігі – басқа елдерге ұқсамайтын идеологиясы. Тап бір кеңестік кезеңдегідей.


Пхеньян

Тэдонган өзенінің жағасында орналасқан КХДР астанасы тоқтаусыз даму тұрғысынан көршілес жатқан азиялық қалалардан ерекшеленіп тұрады. Тіпті, қалада 150 метрге дейін атқылайтын әлемдегі ең биік субұрқақтар бар. Сондай-ақ астанада мұражайлар, сәулет ескерткіштері, ел көсемі Ким Ир Сен жырлаған революциялық сипаттағы бағдарламалары бар көптеген ансамбльдер орналасқан. Көшелері таза, саудагерлер мен жарнамалар мүлдем жоқ және көлік пен велосипед те өте аз жүреді.


Кувольсан тауы

Тэдонган өзені бастау алатын, елдің батысындағы Кувольсан тауы да саяхат бағдарламасына енген. Ол құзар шыңдары, көркем аңғарлары, сарылдап аққан сарқырамалары және жартастарымен танымал. Оған қос етегінде көне сарайлар, бекініс қабырғалары сақталған. Сондықтан туристердің көпшілігі тау аймағында жаяу серуендегенді ұнатады.

Қасиетті орындар

Кәрістер елдегі қасиетті орындарды ерекше құрметтейді. Кымгансан тауы және Пэктусан көлінің жанында орналасқан ыстық су көздерінің маңында орналасқан ол орындарға баруға мүмкіндік мол.

Сонымен қатар, КХДР ел аумағының 80 пайызын алып жатқан тау шыңдарымен танымал. Биіктігі 2000 метрге жететін тау тізбегі бүкіл Корей түбегінің бойымен өтіп, Оңтүстік Кореяның шекарасына дейін жалғасады. Ондағы көркем көрініс, пішіні ерекше жартастар мен сарқырамаларды көрген кез келген саяхатшы әлемде сирек кездесетін табиғаттың тылсым жаратылысына таңқалатыны анық.

Одан бөлек, елде ежелгі дәуірден сақталған Будда Әулие көлдері, минералды су көздері мен көптеген аңызға арқау болған көлдер бар.

Экскурсиялық саяхат пен демалыс

Солтүстік Кореяға көктемде немесе күзде барған жақсы. Себебі жазда жаңбыр жиі жауады, ал аталған екі мезгілде түрлі бағытта саяхаттап, Сары және Жапон теңізіне шомылып, естен кетпес демалыс өткізуге мүмкіндік аласыз.


Ерекше ел

Бұл елді басқалармен салыстыруға болмайды. Егер, кеңестік заманда туылған адамдар саяхаттаса, балалық шағына барып келгендей болар еді. Себебі мұнда өткен ғасырдағы заңдар әлі де күшін жоймаған, жергілікті тұрғындардан ел туралы қандай да бір ақпаратқа қол жеткізу өте қиын. Тіпті Солтүстік Кореядағы арзан тауарларды қытайлықтардың өзі таласып сатып алады екен. Сонымен қатар, елдегі қоғамдық тәртіп қатаң бақылауға алынған. Соның арқасында қылмыс өте сирек орын алады.

Бұл саяхат туралы нені білу керек?

• елге кіретін туристер үшін белгіленген шектеулер бар, олар туралы туроператорлар бірден ескертеді;

• жергілікті тұрғындармен сөйлесу өте қиын;

• үлгілі орындар бойынша маршруттан бас тартуға болмайды, табиғи мәдени ескерткіштерге, Спорт сарайларына бару міндетті;

• елде түскен фотосуреттерді ғаламторға жүктеуге болмайды;

• БАҚ құралдарында ел туралы нашар пікір білдіруге болмайды;

• Республика туралы ақпарат бере отырып, БАҚ-пен байланысуға рұқсат жоқ;

Кез келген турист гидсіз көшеге шыға алмайды, оның негізгі себебі – тәртіп.


Солтүстік Кореядағы қонақүйлер

Солтүстік Кореядағы қонақүйлер туристер үшін арнайы биік жартас немесе ұшып бара жатқан зымыран сияқты ерекше конструкциямен салынған. Сондай-ақ, олардың терезесінен таңғажайып табиғат көріністерін тамашалауға болады.

Асхана

Корея осы күнге дейін кедей мемлекет болып келді. Елдегі сыртқы саясат тауарлармен толық қамтамасыз етуге кедергі келтіреді. Мысалы, Сіз шай ішетін болсаңыз, бір қалта (пакетик) шәмбіні өзіңізге ғана бермей, бірнеше кесе шайға пайдаланады. Сондай-ақ, жемістер қымбат, ал көкөніс, ет пен жармаларды қолайлы бағамен сатып алуға болады.

Ал тағам мәзіріне негізінен теңіз өнімдері, ет, сорпа, күріш, соя, бұршақ пен көкөніс кіреді. Жергілікті тұрғындардың сүйікті өнімі тофу ірімшігі, сонымен қатар, зімбір, сарымсақ, пияз, түрлі сірке суы мен қызыл бұрышты жақсы көреді. Одан бөлек, тұтынушыларға әртүрлі тұздық қосылған шикі краб, тауық аяқтары, корей кәуаптары беріледі.


Негізі бұл ел барлық адамның талғамына сай келе бермейді. Сондықтан, алдын ала ерекшеліктері мен кемшіліктерін ой елегінен өткізіп алған жөн.


Дайындаған: Б.Мейірханұлы,

ERNUR.KZ


Тағы оқыңыз:


КОРОНАВИРУСҚА дейін: Ең қауіпті індеттер ҚАЙДАН шықты?


Медицинасы ЕҢ МЫҚТЫ елдер ҚАЙСЫ?