2023 жылы Шымкент қаласының театрлары үздіктер қатарынан көрінді

0
300

Цирк өнерпаздары «14-ші Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалінде «Алтын» жүлде жеңіп алды.


2023 жылы Шымкент қаласының театрлары үздіктер қатарынан көрінді

көрнекілік сурет

ERNUR.KZ. 2023 жылы Шымкент қаласының театрлары үздіктер қатарынан көрінді.Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызыметі алаңында өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағаттар басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев айтып өтті.
2023 жылы қаламыздың театрлары үздіктер қатарынан көрініп, «Үздік музыкалық безендіру», «Ең үздік балалар қойылымы», «Үздік драматургия», «Үздік екінші пландағы ер адам рөлі» және «Көрермен көзайымы» номинациялары бойынша жүлделі орындарды иеленді.
Цирк өнерпаздары «14-ші Азия жаңғырығы» Халықаралық цирк фестивалінде «Алтын» жүлде жеңіп алды. Моңғолия елінде өткен халықаралық «БРАВО ЦИРКУС-3» сайысында «Талант сыйлығына» ие болды.
Сонымен қатар, Шымкент қалалық Көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасы 1 желтоқсан күні Астана қаласында өткен «Рухани Қазына» республикалық фестивалінде «Айрықша қажеттілігі бар азаматтарға арналған үздік кітапхана» ретінде танылды.