Шымкентте 34 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады

0
1 052

Жыл соңына дейін қаладағы 16 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылады.


Шымкентте 34 мың тұрғын таза ауыз сумен қамтылатын болады

Шымкенттіктерді сапалы ауыз сумен қамту үшін 30 нысанның құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл 19-ы ел игілігіне беріледі. Ал қалған 11 нысан келер жылдың еншісіне тиіп отыр.

Жыл соңына дейін қаладағы 16 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, 34 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізетін болады.

Қаратау ауданында 18 шағынаудан бар. 14 шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған. «Сайрам», «Қайнарбұлақ» елді мекенінде ауыз су кестемен беріледі. Ал тұрандықтар жыл соңына дейін тіршілік көзінің рахатын көретін болса, «Асар-2» тұрғындары шағын магистралды су құбырының құрылысы аяқталғанда сумен қамтылады.

Абай ауданында 18 шағын ауданның 12-сі толық ауыз сумен қамтылған. «Жаңатұрлан», «Солтүстік саяжай», «Ынтымақ-2», «Батыс» шағын аудандарын ауыз сумен қамту үшін магистралды су құбырларының құрылысы аяқталуы керек.Ал «Ақтас-1», «Ақтас-2», «Құрсай» (жаңа құрылыс) шағын ауданында жоба әзірленуде.

Әл-Фараби ауданында 18 шағын аудан бар. Ауыз су мәселесі осы жылдың соңына дейін 100% шешімін табады. «Сәуле» шағын ауданындағы 275, 276орамда кестемен берілсе, «Бадам» елді мекенінде жыл соңына дейін ауыз су толығымен беріледі.

Ал Еңбекші ауданындағы 15 шағын аудан 100% ауыз сумен қамтылған.