​Адами қасиеті мен кәсіби қабілеті біте қайнасқан тұлға

0
1 583

Республикамыздың үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласында жас өрендерді білім мен өнер әлемінің сан қырына баулып жүрген сегіз қырлы ұстаз - Алмас Қайыпов. Сөз еткелі отырған жан - алдымен адами қасиеті мол нағыз азамат.


​Адами қасиеті мен кәсіби қабілеті біте қайнасқан тұлға

Осы орайда, ұлы классик, данышпан Абай: «Әуелі адамның адамдығы … жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. Талап, ұғым махаббаттан шығады… Ғылым-білімге махаббаттандырмақ әлгі айтылған үшеуінен болады» деген сөзі ойға оралады.

Мейірбандық пен имандылық тұнғанқара шаңырақтаана мен әкенің мейірімі мен махаббатына бөленіп өскендіктен болар оның өн бойынан шуақ есіп тұрады. Осындай тұлға бүгінгі таңда Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп -гимназияда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Алмас Қайыпов - уақыт талабына жауап беретін маман. Алғашқы еңбек жолын Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №88 мектепте бастап, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде жалғастырған. Жас ұрпақтың жан-жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты тұлға етіп тәрбиелеуде Алмастың еңбегі ерен. Ол баулыған шәкірттер Қостанай қаласында өткен «Қазақстан балалары шексіз әлемде» республикалық жобалар фестивалінде жеңіс тұғырынан көріне білді.

Өзі де бірнеше республикалық байқаулардың жеңімпазы атанды.

ХХІ ғасыр технологиялар дәуірі болса,АКТ-ның қыры мен сырын терең игерген Алмас жеке студиясы арқылы Шымкент қаласы білім беру басқармасы ұйымдастырған ғылыми-танымдық, мәдени іс-шаралардың көпшілікке дер кезінде эстетикалық тұрғыда жеткізілуіне тікелей себепкер. Әлеуметтік желілерде Алмас ұсынған, сөйтіп көрініс тапқан білім беру мекемелерінің тыныс тіршілігі - соның айғағы.

Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берумен қатар, уақыт талабына сай өз кәсіби біліктілігін жетілдіріп, құзіреттілік танытып отырған Алмас бірнеше республикалық жобаларға қатысып, белсенділік танытқаны үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Өмір сүріп отырған қазіргі кезең ұлттық бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық реформалар сияқты көріністерімен ерекшеленсе, Алмас Қайыпов – соның үдесінен шығатын тұлға.

Кунтаева Марфуга,

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназияның

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі