Ақбота Керімбекова Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

0
2 589

Әнші Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында шығармашылық және концерттік салаға жетекшілік етеді.


Ақбота Керімбекова Шымкентте жаңа қызметке тағайындалды

Әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасында шығармашылық және концерттік салаға жетекшілік етеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұған дейін танымал әншінің қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары болуы мүмкін екендігін айтқан едік.

Ал бүгін Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі Ақбота Керімбекованың басқармадағы шығармашылық және концерттік сала жетекшісі болып тағайындалғанын ресми түрде мәлімдеді.

Эстрада жұлдызы аталған қызметке «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 26-бабына сәйкес сынақ мерзіміне келген.

Заң бойынша мемлекеттік қызметке алғаш рет кіретін азаматтар мемлекеттік әкімшілік лауазымға тағайындау туралы арнайы тексеруден оң нәтиже көрсеткеннен кейін ғана жұмысқа қабылданады.