Ақбота Керімбекова Шымкентке лауазымды қызметке келуі мүмкін

0
2 572

​Танымал әнші қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары болуы мүмкін.


Ақбота Керімбекова Шымкентке лауазымды қызметке келуі мүмкін

Танымал әнші Ақбота Керімбекова Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқарма басшысының орынбасары болуы мүмкін, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ақбота Керімбекованың тағайындалуына қатысты ақпаратты әншінің өнердегі құрбысы Индира Елубаева бөліскен.

Ол эстрада жұлдызының жаңа қызметке ауысуы жайлы Instagram парақшасында хабарлап, оған жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеген.

- Менің Ақбота дос-құрбым бүгін Шымкент қалалық мәдениет басқармасының орынбасары болып тағайындалды. Құтты болсын айтып, жұмысына абырой мен береке, бірлік пен табысты еңбек тіледім. Елдің ең бірінші бетпердесі - мәдениет пен өнер. Өркендеуге нәсіп етсін Алла, - деп жазған Индира Елубаева.

Ал қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының баспасөз қызметі, бұл ақпараттың алдын ала болжам екенін ғана айтты. Ақбота Керімбекова басқарма басшысының орынбасары қызметіне тағайындалу туралы тек ұсыныстың болғанын жеткізді.