​“Алаш руханияты және тәуелсіздік“: Шымкентте конференция өтті

0
351

“Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының” музейінен көрме ұйымдастырылды.


​“Алаш руханияты және тәуелсіздік“: Шымкентте конференция өтті

Шымкент қаласында “Алаш руханияты және тәуелсіздік “ атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келер жылы Алаш қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай мерейтойын республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда. Ахмет Байтұрсынұлы ұлт зиялыларының басын қосып “Алаш” партиясының өмірге келуіне бағдарлама жасап, оның ішінде “Ғылым-білім үйрету” тарауында қазақ халқының көзін ашып, көкірегін оятатын оқу-ағарту ісінде маңызды рөл атқарды.

Осынау тарихи кезеңді атап өту мақсатында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде 30 қазан күні “Алаш руханияты және тәуелсіздік “ атты ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

Аталмыш іс-шараға “Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандарының” музейінен көрме ұйымдастырылды. Көрмеде “Ақ жол” газетінде жарияланған мақалалар жиынтығы, “Шолпан” журналының толық топтамасы, Алаш қозғалысына қатысты фотосуреттер жиынтығы мен Алаш қайраткерлерінің әдеби мұралары көрмеленіп, көпшілік назарына ұсынылды.