«ANTIPARACRAFT-2024»: шымкенттік жастар арасында квест ойыны өтті

0
653

Ойынға 8 командалық топ қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті.


«ANTIPARACRAFT-2024»: шымкенттік жастар арасында квест ойыны өтті

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен Жастар ресурстық орталығы бірлесе отыра, жоғарғы оқу орындары арасында қалалық «AntiParaCraft» квест ойынын ұйымдастырды.

Жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы азаматтық ұстанымды қалыптастыру үшін қажетті қабілеттерді дамыту және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуді насихаттау мақсатында өткен ойынға 8 командалық топ қатысып, 4 кезең бойынша сынға түсті.
Әділ қазылар алқасының құрамында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев, «Жастар рухы» ЖҚ төрағысы Ердаулет Жүнісов, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Заманбек Орынбеков, "Шымкент-Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің жетекшісі Бижан Садибеков төрелік етті.
Шапшаңдық пен білімділікті қамтитын ойын нәтижесінде I-орын – Заңды құйын (Шымкент университеті), II-орын – Достық (Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті), III-орын – Витас командасы (Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы) иеленіп, алғыс хат және кубокпен марапатталды.

Бұлан бөлек Жастар ресурстық орталығы «Сәлем» әлеуметтік қалашығында Индустриалды-техникалық колледжінің студенттеріне семинар және квест ойынын ұйымдастырған болатын.

Кездесу барысында «ЖИТС-тың алдын-алу және онымен күрес орталығы» маманы Жүргенбаева Назира жастарға АИТВ жұқпасының жұғу жолдары мен оның алдын алу жөнінде ақпараттармен бөлісті.

Сонымен қатар, қатысушылар АИТВ-ға шалдығу қаупі төнген адамның өмірлік тәжірибесін көрме ішімен 15 минутта интерактивтік серуендеу арқылы сезініп көрді.