"Қылмыскерлер оны есінен танғанша қинаған": Ауыр соққыға жығылған шымкенттік әйелдің әпкесі мән-жайды айтып берді

0
1 253

"Тістерін түсірген, жағын үш жерден және қабырғаларын сындырған, целлофан пакетпен қылғындырған."


Шымкентте белгісіз біреулер өлердей қылып сабап, зорлап кеткен әйелдің туысы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, әпкесі өлімнен аман қалыпты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

"Қатты соққыға жыққан, сынбаған жері жоқ. Рухани және физикалық тұрғыдан аямаған деп айтуға болады", - дейді туысы Снежана.

Туысының айтуынша, әпкесін әзер дегенде таныған. Қылмыс болған күні әйел жұмыстан үйіне кешкі тоғыздарға қарай қайтқан. Сол кезде аулада ер адамдар шабуыл жасалыпты. Қылмыскерлер жәбірленушіні есінен танғанша қинаған. Тістерін түсірген, жағын үш жерден және қабырғаларын сындырған, целлофан пакетпен қылғындырған. Оны өліп қалған екен деп ойлап, шабуыл жасағандар ағаштың бұтағымен жауып, кетіп қалған.

"Жағдайы өте жаман болды. Яғни ол көз жұмған деуге болады. Ол сөйлей алмайды, себебі аузында бірі тісі жоқ. Тамақ жей алмайды, шағым жаза алмайды. Оның күйеуі жазды, себебі қолдары да денесі сияқты көгерген. Қорғанғысы келген ғой", - деді Снежана.