Азия чемпионаты: Шымкенттік тағы бір балуан алтын жүлдеге ие болды

0
604

67 келіде белдескен жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды.


Азия чемпионаты: Шымкенттік тағы бір балуан алтын жүлдеге ие болды

Ұланбатырда (Моңғолия) өтіп жатқан күрес түрлерінен Азия чемпионатында ел қоржынына екінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Грек-рим күресінен 67 келіде белдескен жерлесіміз Мейіржан Шермаханбет Азия чемпионы атанды.
Шымкент қаласының балуаны Үндістан, Өзбекстан және Оңтүстік Кореялық балуандардан айласын асырды. Мейіржан бұған дейін құрлық чемпионатында күміс жүлдеге ие болған еді.
Айта кетсек, кеше, жарыстың бірінші күнінде аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов алтын жүлдеге қол жеткізді.