Биыл алғаш рет республикалық олимпиада Шымкентте өтеді

0
632

Еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық оқушы қатысады деп жоспарлануда.


Биыл алғаш рет республикалық олимпиада Шымкентте өтеді

Білім саласындағы озық көрсеткіштердің нәтижесінде биыл алғаш рет республикалық олимпиада алаңы Шымкенттен таңдалып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Республикалық жарыс екі кезең бойынша 20-25 наурыз және 3-8 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің базасында өтеді. Еліміздің барлық өңірінен 2 мыңға жуық оқушы қатысады деп жоспарлануда. Білім додасында жергілікті білім ұйымдарынан 90 оқушы бағын сынайды.
Айта кетейік, Шымкенттік оқушылар соңғы үш жылда республикалық пән олимпиадаларында топ жарып, жеңіспен оралуда. Атап айтатын болсақ, жақында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадада Шымкент окушылары жүлделі орынға ие болды. Нақтырақ айтатын болсақ, Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Серікбай Қанат пен Сыдыков Арсен 1 орын иеленсе, ал Тазабек Еркебұлан 3 орынмен марапатталды.
Одан бөлек, Шымкенттік оқушылар робототехника бойынша республикалық олимпиаданың жүлдегері атанды. 2022 жылдың 29-30 маусым аралығында Нұр-Сұлтан қаласында World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионат өтті. WRO-2022 чемпионаты «Менің роботым – менің досым» атауымен роботтарға арналды. Өңірлік жарыстардың нәтижелері бойынша қаладағы №2 мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп-интернатынан ұлттық чемпионатқа 9 "Б" сынып оқушысы Тойлыбаев Олжас мен 8 "Ә" сынып оқушысы Қаныбек Әмина қатысып, өз бақтарын сынаған болатын. Нәтижесінде жас зияткерлер World Robot Olympiad аясында робототехника бойынша республикалық чемпионаттың жүлделі І орын иегерлері атанды. Олар Robosport санаты бойынша жарысқа түсті.