Биыл Шымкентте 6 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

0
716

Биылғы оқу жылын 172 мектепте 222 037 оқушы аяқтады.


Биыл Шымкентте 6 мыңнан астам түлек ҰБТ тапсырады

Биыл Шымкентте 6 845 түлек ҰБТ тапсырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы бойынша биылғы оқу жылын 172 мектепте 222 037 оқушы аяқтады.

Мектеп бітіруші түлектер саны - 8 885, оның ішінде ҰБТ тапсыруға өтініш берген талапкерлер саны - 6 845.

«Алтын белгі» иегерлері – 510, «Үздік аттестат» иегерлері – 356.

Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметінше, биылғы ҰБТ 20 маусым – 5 шілде аралығында өтеді. Тест өткізу пункттеріндегі аудиториялардың сапасы, техникалық жабдықтармен қамтылу дайындығы қатаң бақылауға алынған.

Тестілеу Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті және «Silk Way» университеті ғимараттарында өтеді.

Сонымен қатар, ҰБТ өткізу пункттерінде қоғамдық тәртіптің, көлік қозғалысының, медицианалық жедел жәрдем, өрт сөндіру және ақпараттық түсіндірме жұмыстарының сапалы жүргізілуі және санитарлық нормалардың қатаң сақталуы бақылауға алынды.