«Бизнеске жол»: Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды

0
404

2600-ден астам бизнес өкілдерімен кездесу өткен.


«Бизнеске жол»: Шымкентте 700 кәсіпкердің құқығы қорғалды

Шымкент қаласында 700 кәсіпкердің құқықтары қорғалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Жандос Жұмабаев брифинг барысында мәлімдеді.

Спикердің сөзінше, департамент «Бизнеске жол» жобасы аясында 700-ден астам кәсіпкердің құқығын қорғап, 2600-ден астам бизнес өкілдерімен 55 кездесу өткізген.

Ж.Жұмабаевтың айтуынша, бизнес жер қатынастары, салықтық және кәсіпкерлік бастамаларды мемлекеттік қолдау салаларындағы кедергілерге жиі шағымданады.

Жыл басынан бері Департаменттің ұсынысы бойынша кәсіпкерлердің құқықтарын бұзғаны үшін мемлекеттік органдардың 6 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке, оның ішінде 1-і әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ, брифинг барысында қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова бизнесті қорғау бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

2022 жылы кәсіпкерлер палатасының қарауына 200-ге жуық өтініштер келіп түссе, оның ішінде 63,8 пайызы оң шешімін тапқан. 85 миллион теңге сомасына құқықтар қорғалған. Бұл негізінен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша төленген борыштар сомалары, негізсіз әкімшілік айыппұлдар т. б. Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің 12 отырысы өткізіліп, онда бизнестің 25 жүйелі мәселесі қаралып, оның 90 пайызы бизнестің пайдасына оң шешілген”, - деді ол

Соңында спикерлер бизнесті адал жүргізуге шақырып, тек адал кәсіпкер ғана әрқашан заң шеңберінде қорғауға және көмекке сене алатындығынан хабардар етті.

Сондай-ақ, Агенттіктің 1424 Call-орталығының жұмысы туралы мәлімет беріп, онда сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты және лауазымды тұлғалар тарапынан басқа да әкімшілік кедергілерді сеніп тапсыруға болатынын жеткізді.