“Ерлік пен елдік рухы”: Шымкентте жас ақындар айтысы өтті

0
1 270

10 жас ақын өз бақтарын сынады.


“Ерлік пен елдік рухы”: Шымкентте жас ақындар айтысы өтті

Мереке қарсаңында Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Ерлік пен елдік рухы»атты жас ақындар айтысы өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жас дарынды әрі талантты жастарды қолдау мақсатында өткізіліп отырған дәстүрлі аудандық айтыста белгілі ақын Біржан Байтуов жетекшілік ететін «Қаратау» дәстүрлі өнер мектебінің талантты 10 жас ақыны өз бақтарын сынады.
Жастар өнеріне қазылық етуші құрам қатарында танымал айтыскерлер Анар Жаппарқұлова, Ақмарвл Леубаева және Бөрібай Оразымбет болды.
Ұлттық өнерімізді ұлықтауға бағытталған шарада аудан әкімі сөз алып, қатысушылар мен тұрғындарды мерекемен құттықтады.
«Елдік рухымыз, ұлттық санамыз, төл өнеріміз ең бастысы өзіміз үшін керек. Отанды да, өнерді де қорғайтын ел жастары тұрғанда біз келешекке кемел сеніммен қарауымыз керек. Ең бастысы ел іргесі аман, халқымыз бейбіт ғұмыр кешсін», - деді, аудан басшысы.
Тартысты өткен айтыс нәтижесі бойынша:
- Бас жүлде - Нұрлыбек Мейірманов;
- 1 орын - Мейіржан Жақып;
- 2 орын - Аян Ниязбек, Нұрғали Әнапия;
- 3 орын - Бекарыс Рахматуллаев, Дәурен Полатбаевқа бұйырды.
Ал, арнайы жүлдені Жандос Мырзабек, Даниал Болысбек иеленді.
Барлық қатысушылар мен жүлделі орын иегерлеріне арнайы сыйақылар табысталды.

Сондай-ақ, 7 мамыр - «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай, Шымкент қаласы Қаратау ауданында «Отан қорғау-парызымыз» атты жас жазба ақындардың патриоттық тақырыптағы мүшайрасы өткізілді.

Мүшайраға жалынды жырларымен келген 10 жас ақын қатысып, мүшайра ережесіне сәйкес сынға түсті.
Елдік пен ерлік, бірлік, ұлттық құндылықтар насихатталған жыр додасында Біржан Байтуов, Қажымұқан Абзал, Әлімжан Әлішер және аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Асылбек Тоқмағанбетов қазылық етті.
Мүшайра нәтижесінде:
- 1 орын Аружан Яхуда;
- 2 орын Ақжан Тұрғын мен Шұғыла Ермахан;
- 3 орын Әліби Әлішер, Жамал Жүрсінбек және Нұрайлым Бекмұратқызы.
Айта кетейік, барлық қатысушалар мен жеңімпаздарды аудан басшысы алғыс хатпен, сыйлықтармен және арнайы жүлде қорымен марапаттады.