Филипп Мартинэ: "Франция жастары Қазақстан жайлы білмейді"

0
1 161

Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартинэ, Париждегі университеттерінің бірінде болашақта қазақ тілінен дәріс берілетінін мәлімдеді.


Филипп Мартинэ:

Шымкентте «Frankofonı Naýryzy 2019» атты мәдени іс-шаралар маусымы бастау алды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Осыған орай, Шымкентке Марокко, Белгия, Франция елінің республикамыздағы елшілері келді. М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің қабырғасында үш ел өкілі журналистердің сұрақтарына жауап беріп, француз тілінің Африка құрлығында кеңінен тарап жатқаны жөнінде мәлімдеді. Сондай-ақ, Франция елшісі үш жолақты елде болашақта қазақ тілін оқыту мәселесі де қарастырылып жатқаны жөнінде айтып өтті.

«Парижде шығыс тілдері институты бар. Сол оқу орнының президенті былтыр Алматыға келген. Сонда ол қазақ тілінің мамандарын даярлайтын бөлім ашу мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Бұл арнайы мамандандырылған институт. Онда тіпті, жойылып бара жатқан тілдерді де оқытады. Бірақ, біздегі жастар қазақ тілі тұрмақ, Қазақстанның бар екенін білмейді. Бұл енді Қазақстанның Франциядағы елшілігінің жұмысы»,- дейді Филипп Матринэ.