Футболдан ҚР кубогы: Шымкенттік арулар кезекті рет жеңімпаз атанды

0
597

Шымкенттік арулар ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанды.


Футболдан ҚР кубогы: Шымкенттік арулар кезекті рет жеңімпаз атанды

20-26 сәуір күндері Шымкент қаласындағы “БИІК” футбол орталығында ұйымдастырылған доп додасында “БИІК-Шымкент” клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Футболдан әйелдер командалары арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогының ойындары мәреге жетті. Бұл ретте шымкенттік арулар ел кубогы жолындағы жарыстарда қатарынан 14 рет жеңімпаз атанды.
Айналмалы жүйе бойынша өткен жарысты қорытындылаған кездесуде “БИІК-Шымкент” командасы Ақмола облысының “Оқжетпес” клубының аруларымен алаңға шығып, 3:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ал, төрт кездесудің үшеуінде қарсыластарынан басым болған Түркістан облысының “Томирис- Тұран” командасы жарысты 2-орынмен аяқтады.
“БИІК-Шымкент” клубының бас жаттықтырушысы Александр Семеновтың айтуынша, кубоктық бәсекенің кездесулерінің барысы алдағы кезде өтетін ел чемпионатында және 2023-2024 жылғы УЕФА чемпиондары лигасының ойындарында күш сынайтын команда құрамын анықтауға, олардың дайындығын жан-жақты пысықтауға мүмкіндік берді.

Айта кетейік, волейболдан әйелдер арасында Шымкент қаласының құрамасы жоғары лига бойынша ел чемпионы атанды. Қазақстан чемпионаты Орал қаласында өз мәресіне жетті. Сайыста шымкенттік волейболшы қыздар асқан басымдықпен жеңіске жетті. Құрама команданың бас бапкері Дидар Ұланқызы қыздарды екінші жыл қатарынан чемпиондық тұғырға көтеріп отыр. Яғни, “Шымкент” командасы ел чемпионы атанса, II-орынға Жамбыл облысының “Тараз”командасы қол жеткізді. ІІІ -орыннан алаң иелері Орал қаласының “Грация-КZ” командасы көрінді.

Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауындағы бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді бағдарламасын жүзеге асыру тапсырмасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған “Шымкент жастар лигасы” жобасы жалғасуда.