Ғ.Әбдірахымов: Әр жылы 100 мыңға жуық ағаш, 2 миллионнан астам гүл егеміз

0
1 156

Шымкентте 5 маусым «Бүкіл әлемдік оршаған ортаны қорғау» күні аталып өтті.


Ғ.Әбдірахымов: Әр жылы 100 мыңға жуық ағаш, 2 миллионнан астам гүл егеміз

Шымкентте 5 маусым «Бүкіл әлемдік оршаған ортаны қорғау» күніне орай Дендросаябақтағы «Жастар» аллеясында мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін «Бүкіл әлемдік оршаған ортаны қорғау» күніне орай ұйымдастырылған шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қатысып, Шымкент қаласы үшін бұл мерекенің маңыздылығы ерекше екендігіне тоқталып өтті.

"Қала аумағына қоршаған ортаны сақтау мақсатында жылда 100 мыңға жуық ағаш отырғызып, 2 млн-нан астам гүл егеміз", - деді шаһар басшысы.

Іс-шара аясында білім ұжымдарының жас экологтары өз қолдарынан жасап шығарған бұйымдарының көрмесі ұйымдастырылды.

"Бүгін барлық экологтар, табиғат жанашырлары үндеу тастайды, табиғатты қорғауға бойынша көптеген іс-шараларды өткізеді. Біздің экологиялық орталық мамыр айының басында қалалық форум өткізді. Осы форумға 200-ге жуық оқушылар қатысып, олардың жұмыстары қаралды. Солардың ішінде үлгілі деген жұмыстары таңдалды. Енді оларды 9 маусымда өтетін республикалық форумға Шымкент қаласы атына қатысатын болады", - деді Шымкент қаласы білім басқармасы "Экологиялық орталық" ММК-нің директоры Ұлжан Қамытбекова.

Ал, табиғатты қорғау жұмыстарына белсенді атсалысып, өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбие беру саласында еңбек еткендер арнайы алғыс хаттармен марапатталды. Аталған мерекелік кеш концерттік бағдарламамен ұласты.