Қаратау ауданының әкімі кабинетінде отырмайды

0
1 995

Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің коммуналдық жүйелерінің жұмысымен танысты.


Қаратау ауданының әкімі кабинетінде отырмайды

Қаратау ауданының әкімі кабинетінде отырмайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған аудан басшысы Исамидин Мұxитдинұлы әкімшілік іскерлік орталығындағы жылу қазандығының жұмысымен танысып, қысқы жылу маусымына дайындығын көріп шықты.

Сонымен қатар аудан әкімінің орынбасары Марат Абдимажидұлымен бірге Нұрсәт шағынауданындағы көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларын аралап, коммуналдық қызмет көрсету мекемелерінің коммуналдық жүйелерінің жұмысымен танысты.

Еске салар болсақ, Қаратау ауданының әкімі мұнан бұрын қатты отын сатып алатын орындарды аралап, баға тұрақтылығын қадағалаған болатын.