Қазақстан халқы Ассамблеясы: Шымкентте 200-ге жуық іс-шара өткізілді

0
1 973

17 этномәдени бірлестік белсенді түрде жұмыс істеуде.


Қазақстан халқы Ассамблеясы: Шымкентте 200-ге жуық іс-шара өткізілді

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 17 этномәдени бірлестік белсенді түрде жұмыс істеуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның қол жеткізген барлық жетістіктері мен жеңістерінің негізінде халықтың ынтымақ-бірлігі жатқаны талассыз.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөл атқарып келе жатқаны белгілі.

Бүгінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының құрамында 17 этномәдени бірлестік белсенді түрде жұмыс істеуде. Бұл мегаполисте барлық этнос өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен мәдениетін сақтауына барынша жағдай жасалғанын көрсетеді.

Соңғы жылдары ҚХА өз қызметінің ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытып келе жатқаны белгілі. Ендігі жерде Ассамблея тек мәдени іс-шаралар өткізумен шектелмей, Қазақстан халқын азаматтық негіздегі біртұтас ұлтқа айналдыру, ұлттық бірлікті бекемдеу, жаңа қазақстандық патриотизмді насихаттау және қайырымдылық іс-шараларды үйлестіру секілді маңызды функцияларды атқарып келеді. Ол үшін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан түрлі қоғамдық негіздегі құрылымдар, атап айтқанда, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі және медиация кеңесі, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, ғылыми-сарапшылық топ және журналистер мен блогерлер клубы жұмыс істеуде.

Жалпы, 2021 жылдың 9 айында ҚХА санитарлық талаптарды сақтай отырып 186 іс-шара өткізілді. Алдағы уақытта Ассамблея ғимаратында мазмұнды әрі мәнді істер көптеп атқарылып, бұл ғимарат Шымкент қаласындағы түрлі этнос өкілдері арасындағы диалог алаңына және достықтың алтын шаңырағына айналады деп сенеміз.