"Мамандығым мақтанышым": Шымкентте жастар арасында байқау өтті

0
527

Байқау «Референт-хатшы» және «Мұрағатшы» топтарының студенттері арасында өткізілді.


Шымкент қаласы Абай ауданы Жастар орталығының және "Энергетика және байланыс" колледжінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жұлдызды 30 күн» мерекелік іс-шаралар жоспары аясында "Мамандығым мақтанышым" атты байқау өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған байқаудың мақсаты - білім алушыларға мамандық таңдау, олардың әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта-ықыласын, қызығушылықтарын арттыру. Оларды өз пікірін еркін айтуға, басқаның пікірін сыйлай білуге, жүйелі ойлауға баулу. Қоғамға деген азаматтық позициясын қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Байқау «Референт-хатшы» және «Мұрағатшы» топтарының студенттері арасында өткізілді.