​«MISS SHYMKENT 2018»: Шымкенттің ең әдемі қызын таңдайтын кастинг өтеді

0
2 590

Шымкенттің ең әдемі қызы болуға үміткерлер қатыса алады.


​«MISS SHYMKENT 2018»: Шымкенттің ең әдемі қызын таңдайтын кастинг өтеді

фото: иллюстрациялық

Шымкент қаласында «MISS SHYMKENT 2018» байқауына аймақтық кастинг өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымқаланың ең сұлу қызын анықтауға арналған кастинг 24 қарашада өтпек. Аймақтық конкурсқа үшінші мегаполистің 17 мен 25 жас аралығындағы бойжеткендері қатыса алады.

Сонымен қатар, «MISS SHYMKENT 2018» аймақтық кастингке қатысқысы келетін қыздардың бойы 167 см-ден болмауы тиіс. Байқауды ұйымдастырушылар қатысушыларға өзімен бірге биік өкшелі аяқкиім ала келуі керектігін ескертеді.

Кастингтің өтетін орны – Mega Planet сауда-ойынсауық орталығы, сағат 11:00 деп күтілуде. Кіру – ақысыз.

Айта кетейік, «MISS SHYMKENT 2017» байқауының жеңімпазы ОҚМУ университетінің студенті, 18 арудың ішінен топ жарған Айғаным Ниязбек болған еді.

Дереккөз: sxodim.com