Мұрат Әйтенов агробизнесті дамытуда нақты тапсырмалар берді

0
514

Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруды тапсырды.


Мұрат Әйтенов агробизнесті дамытуда нақты тапсырмалар берді

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен ауыл шаруашылығындағы кластерлі жобаларды талқылауға арналған жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында мегаполистің агросаласын дамытуда маңызы зор ілкімді жобалармен қатар саланың экспорттық әлеуетін арттыру жолдары қарастырылды.
«Қазір мегаполистің агломерациялық дамуына байланысты қалада агроөнімдер өндіретін кәсіпорындар қатарын арттыруға күш салуымыз керек. Кәсіпкерлерді ынталандыру үшін тиісті жұмыстарды жүйелі ұйымдастырыңыздар. Кластерлі жобаларды ғылыми сүйемелдеу мәселесіне де назар аудару қажет», - деді қала әкімі.
Бүгінде жүзеге асырылып отырған жобалар қалада бау-бақша өнімдерін көбейтіп қана қоймай, ет, сүт кластерін дамытуға да мүмкіндік беруде. Қала басшысы жауаптыларға ауылшаруашылығы өнімдерімен ішкі нарықты қамтамасыз етуде, экпорт көлемін арттыруда нақты тапсырмалар жүктеді.