Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы шымкенттік тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдады

0
1 776

Инспектор қабылдауға келген азаматтардың мәселелерін мұқият тыңдады.


Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы шымкенттік тұрғындарды мәселелері бойынша қабылдады

Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы азаматтарды қабылдады, деп хаарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік инспекторы Егемберді Ерғали Қуандықұлы Шымкент қаласының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген азаматтар инспекторға жеке және қоғамға ортақ мәселелерімен бірге өз құқықтарын қорғау, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету, қоғамдық көлік пен жол мәселесі, тұрақты жұмыс орны мен тұрғын үй, жер телімін заңдастыру сынды шағымдарын жеткізді.

Қабылдауға келген 16 азаматтың әрбірінің мәселесін мұқият тыңдаған мемлекеттік инспектор айтылған өтініштердің барлығы бақылауда болатынын және ол бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің ресми парақшасы