«Рахат-Шымкент» фабрикасында мармелад желісі іске қосылды

0
895

Жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 млн. тг. субсидия төленген.


«Рахат-Шымкент» фабрикасында мармелад желісі іске қосылды

Шымкент қаласындағы ірі кәсіпорындардың бірі «Рахат-Шымкент» фабрикасында мармелад желісінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Айта кетсек, аталған жоба аясында қалаға 1,8 млрд. тг инвестиция тартылып, 80 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылған. Жоба мемлекет тарапынан қолдау тауып, 90 млн. тг. субсидия төленген.

Қазіргі таңда жылдық қуаттылығы 3,5 мың тонна құрайтын кәсіпорын мармелад және басқа да кондитерлік өнімдерін ТМД, Европа және Азия елдеріне экспорттауда.