Шымқалада аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
642

Қала әкімі Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты.


Шымқалада аулаларды абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Нұрсат тұрғын алабына барып, аумақтың абаттануымен танысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тұрғын алапта №109-117 аралығындағы 10 көпқабатты үйдің ауласы «Build Stroi» мердігер мекемесінің демеушілігімен абаттанып, көгалданған.
Аулалардың 13 880 шаршы метр аумағына су құбырлары тартылып, кіші су бұрқақтары орнатылды. Балалар ойын алаңшасының элементтері қайта сырланып, газон мен ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары атқарылған.
Қаламыздың дамуы мен тұрғындарға жайла орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға кәсіпкерлер зор үлес қосып жатқанын айтқан қала басшысы, мұндай игі істер үшін мердігерге алғысын айтты.