ШЫМКЕНТ: 10 айлық нәрестеге ыстық сумен клизма жасаған медбике жұмыстан шеттетілді

0
1 568

Қазіргі уақытта балада 1-2 дәрежелі термиялық күйік байқалады.


ШЫМКЕНТ: 10 айлық нәрестеге ыстық сумен клизма жасаған медбике жұмыстан шеттетілді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы Жұқпалы аурулар ауруханасында емделіп жатқан жасына толмаған нәрестеге ыстық сумен клизма жасап күйдіріп алған медбикедер жұмыстан уақытша шеттетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 айлық бала 2019 жылдың 25 наурыз күні Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілген. Сол күні «ЖРВИ орташа ауыр» диагнозымен ауруханаға жатқызылған.

Ауруханада ем қабылдаған соң, баланың жағдайы жақсарып, үйге шығару жоспарланған. Бірақ анасы дәрігерлерге баласының іш қатуына байланысты шағымданған. Кейін анасының айтуы бойынша, баланың іш қатуына байланысты дәрігер тазалау клизмасын тағайындаған. Аурухана медбикесі 28 наурыз күні бұл процедураны жүргізу кезінде, судың температурасын тексермеген. Салдарынан баланы термиялық күйік шалған.

Қазіргі уақытта балада 1-2 дәрежелі термиялық күйік байқалады және тері жамылғысының 1% - дан төмен. Баланы комбустиолог, балалар хирургі толық тексерді. Баланың диагнозы мен жай-күйін ескере отырып, тиісті емдеу-диагностикалық іс-шаралар жүргізілуде. Баланың қазіргі жағдайы тұрақты, қанағаттанарлық. Оң динамикалық өзгерістер байқалады және бала тиісті емін одан әрі жалғастыру үшін Облыстық балалар ауруханасының бейінді бөліміне ауыстырылған.

Шымкент қалалық ДСБ-ның мәліметінше, баланың жағдайында республикалық ұйымға ауыстыруды талап етпейді. Ата-аналармен және қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
10 айлық балаға ыстық сумен клизма жасаған 7-бөлімшешенің 2 медбикесі және аға медбике тергеу аяқталғанға дейін жұмыстан шеттетілді.
"Аурухананың медицина қызметкерлері мен ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты қабылданған шаралар туралы Шымкент қаласы бойынша ҚДСД-нің тексеру аяқталғаннан кейін хабарланатын болады.

Аталған факті бойынша ішкі аудит комиссиясымен ЖАА-да қызметтік тексеру жүргізілді, сонымен қатар Шымкент қалалық ДСБ-ның қатысуымен Шымкент қаласы бойынша ҚДСД тарапынан нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес және еңбек кодексі бойыншатексеру жүргізілуде", - деп хабарлады Шымкент қалалық ДСБ-ның баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Шымкент қаласында Жұқпалы аурулар ауруханасында медбике 1 жасар нәрестеге қайнаған сумен клизма жасап күйдіргені туралы хабарланған болатын.


Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет