ШЫМКЕНТ: Медбике 1 жасар нәрестеге қайнаған сумен клизма жасап күйдірген (видео)

0
4 220

«Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында» медбике науқас сәбиге ыстық сумен клизма жасағап, күйдіріп алған. Енді нәрестені Елордадағы "Ана мен бала" орталығына жібермекші екен.


ШЫМКЕНТ: Медбике 1 жасар нәрестеге қайнаған сумен клизма жасап күйдірген (видео)

Оқиға Шымкент қаласындағы "Жұқпалы аурулар ауруханасында" орын алған - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Кенжегүл Тергембаева есімді "фэйсбук" әлеуметтік желісінің қолданушысы өзінің парақшасында жазды.


Оған зардап шеккен сәбидің анасы, Түркістан облысының тұрғыны Арайнұр Қалқаман қоңырау шалып 25 наурызда баласы Нұрислам Тасполаттың дене қызуы көтеріліп, құсып денсаулығы нашарлағанын айтқан. Оларды жедел жәрдем «Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы» мемлекеттік мекемесіне апарып жатқызған екен. Нәрестеге ЖРВИ диагнозы қойылыпты. Дәрігерлердің ем-домынан кейін баланың денсаулығы біршама жақсарған.

Ал, 28 наурызда Нұрисламның 3 күн бойы үлкен дәретке шықпағанын білген дәрігер, медбикеге науқасқа клизма жасауды тапсырады. Медбике клизма жасай бастағанда, бала қатты жылап жіберіпті. Осы сәтте клизмадан шыққан су тамшысы нәрестенің анасының аяғына тамады. Ал, анасы судың ыстық екенін медбикеге айтып ескерткен.. Алайда, медбике үнемі науқастарға осындай градуста жылытылған сумен клизма жасайтынын айтқан.


"Клизманы жасап біткенде, баланың терісінің қатты күйігін көрдім, еті қызарып кетті. Менің қорқыныштан есім қаша дәрігердің кабинетіне барадым. Бойымды үрей билеп баламды күйдірді деп айқайладым. Дәрігер, медбикеңе қоңырау шал деді шімірікпестен"- деп жазады.

Қазір баланың жағдайы ауыр. Үлкен дәретке шыға алмай, қан тоқтаусыз кетіп жатырекен. Аурудан жата да алмайды. Ал, анасының жүйке ауыртпашылығынан қуығы кіші дәретті ұстамай қалған.

Енді аурухана басшылығы жауапкершілік өздеріне алмас үшін сәби мен анасынан құтылғысы келетін көрінеді. Ауруханадағылар қазіргі уақытта ол екеуін Астанадағы "Ана мен бала" орталығына ауыстырмақ. Бірақ, біз оны ҚР Денсаулық сақтау министрі Біртанов мырзаның нұсқауымен және бақылауымен жасаса дейміз. Және де, «Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының" бөлім меңгерушісі Г.А.Жәнібековаға, оның орынбасары М.А Агабаевқа және медбике А.Ш.Байсакаловаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізсе деп тілек білдірген.

Біз бұл мәселе бойынша Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасына хабарласқан едік. Ондағылар Нұрисламның мәселесінен хабардар екенін айтып, алдағы уақытта орын алған жағдай бойынша жауап беретіндерін жеткізді.