ШЫМКЕНТ: 20-ға жуық түрлі сала үздіктеріне төсбелгі табысталды

0
1 885

Сала үздіктеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік төсбелгісі табысталды.


ШЫМКЕНТ: 20-ға жуық түрлі сала үздіктеріне төсбелгі табысталды

Шымкентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай көп жылдан бері аянбай етіп келе жатқан арнаулы әлеуметтік оңалту орталықтарының санитарлық және техникалық мамандары мен қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы, қалалық тұрғын үй басқармасы, қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу басқармасының қызметкерлері марапатталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Еліміздің және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мерекелік медальды Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков табыстады. Қала басшысының орынбасары салтанатты рәсімде марапат иелерін еліміздің қастерлі мерекесімен құттықтап, қоғамның сан саласында атқарып жүрген ерен еңбектерінің маңыздылығын атап өтті.
- 16 желтоқсан ата-бабаларымыздың сан ғасыр бойғы асқақ арманы орындалып, тәуелсіздікке қол жеткізген тарихи күн! Осынау айтулы күні сіздерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын! Еліміз дара жолымен осы уақыт аралығында күрделі, сан сынаққа ұшыраған бір дәуірді өткерді. Қол жеткізген жетістігімізде сіздердің де орасан үлестеріңіз бар. Ел бірлігі мен ынтымағы, барша азаматтардың қажырлы еңбегі қайта жаңғырған мемлекетіміздің құдіретті күші болды, - деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.
Жалпы, салтанатты шарада 20-ға жуық түрлі сала үздіктеріне Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл мерекелік төсбелгісі табысталды.

Оның ішінде Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының электрик маманы Кахар Тойчиев, санитарлық қызметкерлері Қалжан Мұсаева, Болсынай Ошанова, Жанаркүл Рахымжанова мемлекеттік марапатқа ие болды.