ШЫМКЕНТ: 58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана Күрделі жөндеуден өтуде

0
391

40 жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.


ШЫМКЕНТ: 58 мың тұрғынға қызмет көрсететін емхана  Күрделі жөндеуден өтуде

Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1984 жылы қолданысқа берілген емхананың алдағы уақытта инженерлік желілері түгел ауыстырылады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеті жаңартылады.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов шілде айының 1-інен басталған емхана құрылысы жұмыстарының жай-күйімен танысты. Төрт айға созылатын жөндеу жұмыстары бірінші кезекте сапа жағына мән берілу керек.
Амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме қазіргі уақытта 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр. Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді.
Қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады.
Алғашқы медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымның барлық процестері автоматизацияланған.
Емханада жалпы тәжірибелік дәрігерлер , педиатриялық учаскелер, гинекологтар, тағы басқа салалық мамандар қабылдау жүргізеді.Онда жалпы 400 -ден аса қызметкер жұмыс істеуде.
Емдеу мекемесіне 58 мыңнан аса қала тұрғыны тіркелген. Ол пациенттерге тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызмет көрсетіледі.
Ұйымда Емдеуге жатқызу бюросы порталы (БГ), медициналық қызметтердің сапасын басқару қызметі, пациенттерді қолдау қызметі енгізілген.
Емханада барлық орталықтандырылған коммуникациялық жүйелері бар.

Айта кетейік, Шымкенттегі балалар клиникалық ауруханасы көпсалалы аурухана болып қайта құрылады.

Бүгінде Шымкент қаласының коммуналдық меншігінде 36 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 15-і ауруханалық ұйым, 14 амбулаторлық-емханалық ұйым және 7 мекеме басқа бейінге бағытталған.

Шаһарда медициналық қызмет сапасын жақсарту мақсатында, олардың материалдық базасын жаңартып, көрсетілетін қызмет түрлері кеңейеді.