ШЫМКЕНТ: 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды

0
905

Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.


ШЫМКЕНТ: 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды

Бүгін Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің төрағалығымен салалардағы индикаторлардың орындалуы мен өзекті мәселелер бойынша жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиналыста 6 айда атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер сараланды.

Кемшіліктерге талдау жасалып, тиісті салаларға ескертулер жасалды.

Бекітілген жұмыс жоспарын сапалы жүзеге асыру мақсатында қала әкімі нақты тапсырмалар берді:

- апта сайын азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жасап, баяндау;

- бала мен ана өліміне жол бермеу мақсатында кешенді жұмыс жоспарын бекіту;

-электр қуатын үнемдеу бойынша іс-шаралар кешенін жүргізу;

- егілетін ағаш орындары мен суағар мәселесін тиянақты дайындау;

- білім сапасын көтеру бағытында мектептерді жіті бақылауға алу;

- мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жүзеге асатын жобаларды қатаң бақылау.

Жұмыстардың орындалу барысы хаттамамен бекітіліп, нәтижесі әр апта баяндалуы тапсырылды.

Сонымен қоса, қала әкімі аудан әкімдері мен коммуналдық қызмет көрсетуші мекеме басшыларымен жиналыс өткізген болатын.
Жиналыс барысында шаһар басшысы аудандарда санитарлық-тазалық сақтау, көгалдандыру, шөп ору жұмыстары төмен деңгейде жүргізіліп жатқанын айтып, жұмысына жуапсыздық танытқан бірқатар басшыларға ескерту жасады.

Аудан әкімдері тазалық жұмыстары бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, өзекті мәселелерді ортаға салды. Шаһар басшысы жиналыс қорытындысында - кемшіліктерді ретке келтіріп, тазалық сақтау жұмыстарын жүйелендіруді; қатты тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын мердігерлердің жұмысын арнайы бақылауға алуды; аудандағы кәсіпкерлік субъектілеріне арнайы мекемелермен келісім-шартқа тұру арқылы аумағындағы қоқыстарды тазалау, уақытылы шығаруды ұйымдастыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді; тұрғындарға тазалық этикасын барынша түсіндіруді тапсырды.