ШЫМКЕНТ: 700-ге жуық ерекше балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

0
617

Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.


ШЫМКЕНТ: 700-ге жуық ерекше балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

Шымкент қалалық клиникалық балалар ауруханасы ерекше балаларға арналған жобаны қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған жоба аясында бүгін 700-ге жуық баланың тісіне түрлі ем шаралар жасалды. Соңғы үлгіде жабдықталған мамандандырылған стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар, ауыз қуысына диагностикалық тексерулер жүргізіліп, емдеу шаралары тағайындалды.
Дәрігерлер церебральды сал ауруы, аутизм сырқаттарға шалдыққан балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Стоматалогиялық кабинет дәрігерлері пациенттерді жергілікті емханалардың жолдамасы арқылы қабылдайды.

Айта кетейік, Шымкент қаласында ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылған болатын. Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді. Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет. Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады. Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған. Шымкент қалалық клиникалық аурухана базасынан ашылған стоматалогиялық кабинет жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді. Сонымен қоса, Шымкент қалалық стоматологиялық емханада түнгі ауысымдағы кабинеттер саны артты. Тіс емханасы тәулік бойы екі ауысымда, таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін, 20:00-ден таңғы 08.00-ге дейін күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді.