ШЫМКЕНТ: А-2 автомобиль жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

0
508

Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды.


ШЫМКЕНТ: А-2 автомобиль жолы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

Шымкент қаласындағы А-2 автомобиль жолында қазір құрылыстың ІІ кезеңі жүруде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ұзындығы 2,48 шақырымды жол Ынтымақ шағынауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайды. Жоба бойынша ені 30 метр 4 жолақты жолдың екі жағында ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ, тратуар, жарық шамдар көзделген. Қазіргі таңға сақина типті жолайрығының құрылысы жүргізілуде. Нысанды осы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Сонымен қатар, жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмыстары мен Барыс базары маңында сақиналы жолайрықтың жол негізі жасалуда.
А-2 жолының IV кезеңі Темірлан тас жолынан Бадам өзені көпіріне дейінгі жолдың ұзындығы 1,86 шақырым. Жобаға сәйкес автомобиль жолының ені 35,5 метр, 6 жолақты, ирригациялық жүйе мен жасыл аймақ және тротуар салу көзделген. Бүгінде құрылыстың 40% орындалып, жыл соңына дейін қолданысқа беру жоспарда бар.
Қазіргі уақытта жерді мемлекет мұқтаждығына қайтару жұмысы жүруде. Бүгінге дейін 47 жер телімінің 9-ы қайтарылған. Сондай-ақ, жолдың бір жақ бөлігінің жер негізін жасау жұмыстар атқарылып жатыр.

Айта кетейік, Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, қала ішіндегі тозығы жеткен бірнеше көшелерге жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Тапсырма аясында жөндеуден өтіп жатқан магистральды көшелердің бірі - Ғ.Иляев көшесі. Жөндеу жұмыстары 2021 жылдан басталған көшеге жаңа асфальт төселіп, екі жағынан аяқ жолдар мен веложолдар салынуда.

Қазіргі кезеңде Ғ.Иляев пен Қонаев даңғылының қиылысы мен Байтұрсынов көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс барысында жиек тастарын орнату мен қатар аяқ жолдарын орнату көзделуде. Бұл 3.3 шақырымды құрайды. Яғни, Ақпан батыр көшесі мен Бейбітшілік көшесіне дейінгі аралық. Аталған жөндеу жұмыстары 2021 жылы басталған болатын. Қазіргі таңда Ақпан батыр мен Қонаев даңғылына дейінгі аралықта жөндеу жұмыстары аяқталды.