ШЫМКЕНТ: Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады

0
818

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.​


ШЫМКЕНТ: Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар салынады

Шымкент қаласы Абай ауданында әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтереді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Бүгінде Абай ауданы аумағында 18 емдеу мекемесі жұмыс істейді. Олардың 11-і жеке меншік, қалғаны мемлекеттік нысандар. 2023-2024 жылдары жеке инвесторлар Ынтымақ шағынауданының №14 емдеу орталығы филиалының және Қайнар бұлақ саяжайы мен Қайнар бұлақ тұрғын алабына емханалар құрылысын жүргізетін болады.
Аудан аумағында 2024-2025 жылдары 3 мәдени нысанның құрылысы басталады. Қазір ауданға қарасты 6 мәдени нысан бар. Мәдениет үйлері Көкбұлақ, Қайнарбұлақ тұрғын алабтарында бой көтеретін болады.

Ал, мектеп тапшылығын жою мақсатында 2023-2025 жылдары аралығында «Жайлы мектеп Ұлттық жобасы» аясында 7 мектеп салу жоспарлануда. Олардың 6-ы 2023-2024 жылдары Нұршуақтың Достық жағы мен Ынтымақ жағында, Жаңатұрлан, Бозарық шағын ауданындарында салынады. 2024-2025 жылдары 4 мектеп Асар-2, Шымкент Сити, Достық шағынаудандарында бой көтеретін болады.

Айта кетейік, 2023 жылы Шымкент қаласының құрылыс басқармасы тарапынан 123,4 миллиард теңгеге 156 нысан салу жоспарланған. Спикердің сөзінше, қазіргі таңда 74 жобаның құрылысы басталып, 5,8 млрд теңге игерілген. Жыл соңына дейін 94 нысанның құрылсын аяқтау көзделген. Басқарманың 1-тоқсанда атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша 2 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға тапсырылған. 13 нысанның құрылысы 2024 жылға өтпелі болып отыр. Сондай-ақ, 2023 жылы қаладағы 3 төтенше жағдайлар нысанның құрылысы қарқынды жүргізіледі. Атап айтатын болсақ, ӘІО 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы мен Түркістан көшесіндегі 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосы, сондай-ақ, Сайрам шаған ауданындағы 4 көлікке арналған өрт сөндіру депосына құрылыс жүргізіледі. Сонымен қатар, Шымсити шағын ауданында 2 саябақтың құрылысы басталса, Қазыбек би көшесі, 36 мекен-жайында орналасқан денсаулық сақтау нысанының құрылысын аяқтау көзделгеліп отыр.