ШЫМКЕНТ: Айна базарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

0
519

Аталған шараның мақсаты - жұмыссыз жүрген жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау.


ШЫМКЕНТ: Айна базарында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді

Шымкент қаласы Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығы және «Еңбекші аудандық жұмыспен қамту» орталығының ұйымдастыруымен «Айна» базарында «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Аталған шараның мақсаты - жұмыссыз жүрген жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау. Жұмыссыз жүрген жастардың санын азайту.
Жәрмеңке барысында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, жастар практикасы, ақылы қоғамдық жұмыс, алғашқы бос жұмыс орны бағдарламаларын түсіндірілді.

Келушілер арасында жастар практикасы, кәсіпкерлік бағдарламаларына қызығушылық танытып, жұмыспен қамту орталығының мамандары бос жұмыс орындары жайлы ақпараттық кітапшалар ұсынып, жұмыс іздеп келген жастар өздерінің сұрақтарына жауап алды.