ШЫМКЕНТ: әкім шалғайдағы көшелерді орталық көшелермен бірдей тазалауды тапсырды

0
468

Инертті материалдар себуді пысықтады.


ШЫМКЕНТ: әкім шалғайдағы көшелерді орталық көшелермен бірдей тазалауды тапсырды

ERNUR.KZ. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ауа райына байланысты қар тазалау жұмыстарын арнайы өзі бақылап, шаһардың шеткі аймақтарын аралады.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бүгінде қала аумағында қар тазалау шаралары қарқынды жүргізілуде. Қала әкімінің тапсырмасымен, әлеуметтік маңызы бар нысандар мектеп, аурухана және жұрт көп шоғырланатын аялдамалардағы аяқ жолдарды қардан тазалау жұмыстарына аса мән беріліп отыр. Бұл бағытта қосымша жұмыс күшін тартып, арнайы техникалар жұмылдырылды.
Қар тазалау жұмыстарын бақылау барысында қала әкімі жауаптыларға шалғайдағы елді мекендердің көшелерін қардан тазалау жұмыстарына қаланың орталық көшелері секілді басымдық беруді тапсырды. Оған қоса, инертті материалдар себуді пысықтады. Бұл ретте мегаполис басшысы қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау мақсатында қар тазалау жұмыстары өз бақылауында болатынын жеткізді.
Айта кетейік, қалада 891 шақырымды құрайтын 443 магистралды көше бар. Қар тазалау жұмыстарына 155 арнайы техника жұмылдырылған. Жұмысшылар тәулік бойы тазалық шараларын кестеге сәйкес жүргізіп, көлік қозғалысы мен халықтың жүріп-тұруына оңтайлы жағдай жасауда.