ШЫМКЕНТ: Әкімдік қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

0
859

Қызметкер абаттандыруға бөлінген қаражат құнын 700 млн теңгеге негізсіз қымбаттатқан.


ШЫМКЕНТ: Әкімдік қызметкері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

иллюстрациялық фото

Шымкентте аудан әкімдігінің қызметкері абаттандыруға бөлінген қаражат құнын 700 млн теңгеге негізсіз қымбаттатқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімдігінің лауазымды тұлғасына қатысты бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырды деген күдікпен істі ҚМА аумақтық Департаменті тергеуде.

Күдікті өзінің лауазымдық жағдайын пайдалана отырып, қала аумағындағы көпқабатты үйлердің 150 ауласын абаттандыру бойынша сметалық құжаттамада жұмыстар мен материалдардың бағасын негізсіз қымбаттатқан.

Ол 700 млн теңгеден астам сомаға аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Сот санкциясымен аталған азамат ұсталып, қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды.