Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

0
67 757

Бұл туралы әкім орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.


Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті

Шымкент әкімінің орынбасары Айманбетов Маулен Зарлықұлы қызметінен кетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы әкім орынбасары әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Маулен Айманбетов басқа жұмысқа ауысуына байланысты бұдан былай Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқармайтынын жазған.

"Мен шырайлы қалада, нағыз өз ісінің кәсіпқойларымен, жанашыр қала тұрғындарымен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын! Бұл қызметке 2020 жылдың 9 қыркүйегі күні тағайындалған едім. Сол күннен бастап қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту менің жұмысымның басты мақсаты болды. Маған көрсеткен қолдауларыңыз үшін, посттарыма жазған пікірлеріңіз үшін, ыстық ықыластарыңыз үшін алғыс айтамын. Қазіргі уақытта мұндай ықылас аса маңызды", - делінген жазбада