ШЫМКЕНТ: Ақтас шағын ауданы жыл соңында табиғи газбен қамтылады

0
628

Шымкент қаласы Ақтас шағын ауданы 2022 жылдың соңында табиғи газбен қамтылады


ШЫМКЕНТ: Ақтас шағын ауданы жыл соңында табиғи газбен қамтылады

Шымкент қаласы Ақтас шағын ауданы 2022 жылдың соңында табиғи газбен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданына қарасты Ақтас шағын ауданы 437,1 гектер аумаққа орналасқан. Қазір онда 2 578 отбасы мекендейді.
Елді мекенде жайлы ортаны қалыптастыру және инжинерлік инфрақұрылыммен қамту бағыты қала әкімінің бақылауында.
Аталған шағын аудан ауыз сумен толық қамтылған. 100% мемлекеттік жүйедегі сапалы электр тартылған.
Табиғи газбен қамту үшін бүгінде құрылыс жұмыстарын «Ремстрой» ЖШС жүргізуде. Пайдалануға беру мерізімі 2022 жылдың соңына жоспарланған. 18 көше бар. Оның 3-і асфальт, 10 тас жол, және 5-і топырақ жол.
2021 жылы 2,8 шақырымға шағал тас төселген.
Биыл атауы жоқ №3 және 4 көше орташа жөндеуден өтеді. 2021 жылы 1 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді.
Қазір №147 бағыттағы қоғамдық көлік қатынайды.