ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 150-ге жуық көше жарықтандырылып жатыр

0
703

Биылғы меже құрылыс қарқынын үдетіп, жоспарды 57%-ға жеткізу.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 150-ге жуық көше жарықтандырылып жатыр

Шымкентте қаласының Әл-Фараби ауданында көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биылғы меже құрылыс қарқынын үдетіп, жоспарды 57%-ға жеткізу. Бұл туралы аудан әкімі Р.Мыңбаев шаһар басшысының халықпен есепті кездесуінде мәлімдеді.

Қала көшелерін жарықтандыру бойынша 2020 жылы 102 көше, 2021 жылы 124 көше жарқтандырылған болса, биыл 144 көше жарықтандырылуда. Ал жаңа жылдан бастап 169 көшені жарықтандыру жоспарға қойылған. Жалпы орындалуға тиіс жұмыстардың қазірге дейін 43,4% атқарылды.

Айта кетейік, Әл-Фараби ауданында 207,7 мыңнан астам халық тұрады. Жыл соңына дейін сапалы ауыз сумен, электр энергиясымен және табиғи газбен қамту көлемін 100 пайызға, 2023 жылға қарай кәріз жүйесімен қамту көлемін 91 пайызға ұлғайту көзделген. Сонымен қатар, Р.Мыңбаев «Сәуле» мен «Асар-2» шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары таяуда аяқталып, аудан тұрғындары табиғи газ және электр энергиясымен толық қамтамасыз етілетінін айтты. Аудан көлеміндегі бірқатар көшелерде кәріз жүйесі іске қосылатын болады. Бүгінде “Шолохов” және “Хлопзавод” көшелері бойындағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын. Келесі жылы «Түркістан», «Ақжайық», «Химфарм» шағын аудандарында кәріз жүйесін жүргізетін 2 жобаның құрылысы басталады.

Еске сала кетейік, биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы бойынша 59 жоба халық қатысатын бюджет аясында шешімін тапқан. Атап айтқанда, 50 балалар алаңшасы және 9 ашық спорт алаңшасы ел игілігіне берілді. Жоспарға сай бұл межені 100%-ға жеткізу үшін келесі жылы тағы 32 балалар алаңшасы мен 7 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілетін болады. Жиын барысында Әл-Фараби ауданының әкімі Р. Мыңбаев 2 елдімекен, 13 шағын аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы инфрақұрылым жүйелерінің тартылуы, баспанамен қамту, арнайы спорт және балалар ашаңшаларының салынуы мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.