ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 71 көше қардан тазаланды

0
500

Көшелерді қардан тазартуға 56 арнайы техника, 102 қызметкер жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында 71 көше қардан тазаланды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында қар күреу жұмыстары кестеге сай атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Көшелерді қардан тазартуға 56 арнайы техника, 102 қызметкер жұмылдырылды. Техникалар мен кезекші бригадалар өз бағыттары бойынша бекітілген аумақтарға бөлініп, аяқжолдар мен аулаларды да қатар тазаланды.
Сонымен қатар, қосымша қажетілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 29 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалып, қар күреуге жұмылдырылып отыр.
Бүгін аудандағы жалпы ұзындығы 106 мыңға жуық шақырым болған 71 көшенің қары күрелді.