ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
470

Ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары ауа-райына сәйкес қараша айында жалғасатын болады.


ШЫМКЕНТ: Әл-Фараби ауданында көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының көшелерін көріктендіру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары кестеге сай атқарылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауданға қарасты 72 басты көше бойларындағы жасыл-желектерді суғару, күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, оларды ретке келтіру, шөп ору жұмыстары мердігер мекеме «Build Stroi» ЖШС-і тарапынан күнделікті жүргізілуде.

Ал көпқабатты үйлерде 400 аула мен 332 ішкі орамдық көшелердің дарақтарын санитарлық қырқу және оларды арнайы техника көмегімен шығару, шөп ору жұмыстарына «Назар» ЖШС-і жауапты. Бүгінде мердігер мекеме аулаларда 1 354 дана ағашты санитарлық қырқу, 1 2438 дана ағаш түбін әктеу жұмыстарын жүргізген.
Шымкентті жасыл қалаға айналдыру мақсатында ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстары ауа-райына сәйкес қараша айында жалғасатын болады.