ШЫМКЕНТ: Архивтегі құжаттар цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр

0
457

Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.


ШЫМКЕНТ: Архивтегі құжаттар цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр

Шымкент қаласында архивтегі құжаттар кезең-кезеңімен цифрлы жүйеге ауыстырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Архив-2025» жобасын іске асыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспары аясында мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша бірінші кезекте тұрақты сақталатын және жиі сұранысқа ие болатын құжаттар цифрлы форматқа көшірілуде. Бұл мақсатта 4 дана планетарлық сканер орнатылған.
Биыл мемлекеттік сақтауда тұрған архивтік құжаттарды цифрландыру бойынша 576 000 парақ құжат жоспарланып, жыл басынан бері архивтік құжаттардың 129 782 парақ саны цифрлы таңбаға көшірілген.
Негізінен Шымкент қалалық мемлекеттік архиві жылына 6500-ге жуық құжатты сақтауға қабылдайды. Қазіргі таңда мекеменің қорында 191 967 сақтау бірлігі (шамамен 32 млн парақ құжат) сақталуда. Оның 7752-і басқарушылық құжат, 183 883-і жеке құрам құжаты, 95-і жеке тектік құжат, фотоқұжаттар жән 34 бейнеқұжат бар.
Айта кетейік, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы – бұл цифрлық технологияларды қолдану есебінен елдің әрбір азаматының тұрмыс деңгейін арттыруды көздейтін маңызды кешенді бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаттары Қазақстан Республикасының экономикасын дамытудың қарқынын арттыру және халықтың өмір сапасын жақсарту, сондай-ақ экономиканың негізінен жаңа траекториясы – болашақтың цифрлық экономикасына өту.
«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы негізгі 5 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншісі - «Экономика салаларын цифрландыру». Бұл еңбек өнімділігін өсіру және капиталдандыруды арттыру мақсатында серпінді технологияларды пайдалану арқылы экономиканың дәстүрлі салаларын түрлендіруді көздейді. Екіншісі - «Цифрлық мемлекетке көшу». Бұл ретте сөз халық пен бизнеске мемлекеттік қызметтерді олардың қажеттілігін сезіну жолдары арқылы жаңа сапалы деңгейге көтеруді көздейді. Ал, үшінші бағытта «Цифрлық Жібек жолын жүзеге асыру» көзделеді. Аталған бағыт мәліметтерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдығын және инфрақұрылымының қорғалуын дамыту жүзеге асырылады. Төртіншісі - «Адам капиталын дамыту». Бұл бағытта «білім экономикасына» көшуді қамтамасыз ету үшін креативті қоғам құру жүргізіледі. «Бесінші «Инновациялық экожүйе құру» бағытында бизнес, ғылыми орта және мемлекет арасындағы тұрақты көлбеу байланыстармен технологиялық кәсіпкерлік пен инновацияны дамыту үшін жағдай қалыптастыруға бағытталған.