ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданы қарашада сапалы ауыз сумен қамтылады

0
301

11 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.


ШЫМКЕНТ: Асар-2 шағын ауданы қарашада сапалы ауыз сумен қамтылады

Шымкент қаласы Асар шағын ауданы қараша айында сапалы ауыз сумен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласындағы Асар-2 шағынауданын сапалы ауыз сумен қамту үшін«Сарыағаш Аман» мердігер мекемесі өткен жылы бастаған болатын.
Қазір ауданда ұзындығы 156,015 шақырымды құрайтын ауыз су желісін тарту жұмысының 99 пайызы аяқталды.
Нысан қараша айында пайдалануға беріліп, Асар-2 шағын ауданындағы 11 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді.
Аталған шағынауданды табиғи газбен қамту құрылысын «Отау строй» мердігер мекемесі жүргізуде.
Бүгінде құрылыс жұмысының 85 пайызы аяқталып, қараша айында толығымен пайдалануға беріледі. Нәтижесінде Асар-2 шағынауданындағы 2771 абонент табиғи газбен қамтылады.