ШЫМКЕНТ: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті

0
526

Онлайн-форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен 384 делегат қатысты.


ШЫМКЕНТ: «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті

Бүгін «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сегізінші съезі өтті. Онлайн-форумға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен 384 делегат қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Делегаттар қатарында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов, орынбасарлары мен жетекші сала басшылары бар.
Жиынның күн тәртібіне сәйкес ауыл шаруашылығы саласын қаржыландырудың өзекті мәселелері, шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді жою жайы айтылды. Сонымен қатар, ЕАЭО елдері мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қатынастар, құрылыс материалдары құнының өсуіне байланысты жұмысы тоқтатылған әлеуметтік маңызды объектілер құрылысы мәселелеріне де назар аударылды.