Шымкент әуежайы 1 сәуірден бастап күндіз жұмыс істемейді

0
590

Шектеулер 3 мамырға дейін жалғасады.


Шымкент әуежайы 1 сәуірден бастап күндіз жұмыс істемейді

Шымкент әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты бір ай бойы күндіз жұмыс істемейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"2024 жылғы 1 сәуір мен 3 мамыр аралығында Шымкент әуежайы 10:30-дан 18:30-ға дейін жұмыс істемейді. Бұл уақытта ұшу-қону жолағында жөндеу жұмыстары өткізіледі", - делінген "SCAT" әуе компаниясы хабарламасында.

Рейстерді орындау кестесіне өзгерістер енгізілуіне байланысты жолаушыларға әуе компаниялардың анықтамалық қызметтерінде, қосымшалары мен қызметтерінде рейстің мәртебесін нақтылау ұсынылады.

Сондай-ақ әуежайға барар жолда жол жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жамылғысын жөндеу жұмыстарына байланысты жолаушылар әуежайға алдын-ала келіп, кептеліске түспеу үшін көліктерін жаңа терминалдың тұрағында қалдырғаны жөн, деп атап өтті әуе компаниясындағылар.