ШЫМКЕНТ: Автобус қызметкерлері алдындағы қарыз бірнеше күнде қайтарылады

0
977

361 қызметкердің алдындағы берешек 51,3 млн.теңгеге жеткен.


ШЫМКЕНТ: Автобус қызметкерлері алдындағы қарыз бірнеше күнде қайтарылады

«Shymkent» ӘКК» АҚ-ның төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен «Shymkent BUS» ЖШС-ның директоры брифинг өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында «Shymkent» ӘКК» АҚ-ның төрағасы Әбілсейіт Рабаев пен «Shymkent BUS» ЖШС-ның директоры 20 қараша күні таңертең автобус паркінде орын алған жағдайға қатысты баспасөз брифингін өткізді.

Атап айтсақ, қазан айындағы жалақы бойынша Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктің 361 қызметкерінің алдындағы берешек 51,3 млн.теңгені құрайды. Осы аптаның соңына қарай қоғамдық көлік қызметкерлері алдындағы қарыз өтелетін болады.

Айта кетейік, Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен Жолаушылар тасымалы үшін 13 бағыт бойынша конкурс өткізу күтілуде және нәтижесінде барлық 300 автобус пайдалануға берілмек.