Шымкент автоХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды

0
542

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.


Шымкент автоХҚО-ларының жұмысы қайта жанданды

Бүгіннен бастап Шымкент қаласының автоХҚО-лары штаттық режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін мамандандырылған ХҚО-да автокөлік иелері өз автокөліктерін қайта тіркеп, жүргізуші куәлігін алып, практикалық емтихан тапсыра алады.

Мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. АвтоХҚО-ға барған кезде қашықтықты сақтауды сұраймыз, медициналық маскалардың болуы міндетті.

Автокөлікті Kaspi және Halyk Homebank мобильді қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болатынын да еске саламыз. Сондай-ақ, азаматтар электрондық үкімет порталы арқылы жүргізуші куәлігін ауыстырып, автокөлігін қайта тіркей алады.