Шымкент: "AZALA" тоқыма фабрикасының медициналық бетперде жасауға арналған маталарына, бөздеріне сұраныс артқан

0
2 106

Аталмыш фабрика айына 1 млн 400 мың шаршы метр мата дайындауға қауқарлы.


Шымкент:

Шымкенттегі "AZALA" тоқыма фабрикасының медициналық бетперде жасауға арналған сапалы маталарына, бөздеріне сұраныс артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Елімізде төтенше жағдай орын алғанымен Шымкент қаласындағы өндіріс ошақтары қалыпты жұмыс істеуде.

Мегаполистегі өндіріс орындарының бірі - "AZALA" тоқыма фабрикасы. Шикізат та отандық өнім, яғни Мырзакенттен жеткізіледі. Қазір мұнда 700-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Еліміздегі тігін цехтарынан медициналық бетперде жасауға қазір фабриканың сапалы маталарына, бөздеріне сұраныс артқан. Атап айтсақ, Шымкентпен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтау т.б. тапсырыс қабылдауда.

Айта кетсек, фабрика айына 1 млн 400 мың шаршы метр мата дайындауға қауқарлы.

Осында халыққа қажетті сан алуан тоқыма өнімдері шығарылуда.