ШЫМКЕНТ: Балаларға салынатын екпенің маңыздылығы түсіндірілді

0
451

Дәрігерлер мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді.


ШЫМКЕНТ: Балаларға салынатын екпенің маңыздылығы түсіндірілді

Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарында медицина қызметкерлері балаларға манту сынамасы, БЦЖ (туберкулезге қарсы) және 16 жастағы жасөспірімдер арасында АДС-М (дифтерия, сіреспеге қарсы) екпе жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қалалық №6 емхананың дәрігерлері мектеп медбикелері және ата-аналармен жоспарлы екпе қабылдау бойынша кездесулер өткізді.
Балалар және жасөспірімдер арасында жоспарлы екпені қабылдаудың маңыздылығы бойынша емханаға қарасты жеті мектептің мейіргерлерімен басқосу ұйымдастырдық. Сондай-ақ, №136, 137 жалпы білім беретін мектептерде ата-аналармен кездесіп, балаларға салынатын екпенің қажеттілігін түсіндірдік. 100-ге жуық ата-ана қатысты. Балаларға егілетін екпеге қарсы болып келген ата-аналар түсіндіру жұмысынан кейін өз келісімдерін берді, - дейді емхананың бөлім меңгерушісі Ләззат Құрбанова.
Айта кетейік, түсіндіру жұмысы емханаға қарасты №87, 56, 52, 51, 77 мектептерде санитарлық талаптарға байланысты ZOOM платформасы арқылы онлайн өтті.