ШЫМКЕНТ: білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін алдын алу мәселелері жүйелі түрде ұйымдастырылады

0
298

Жыл сайын ТЖ департаментінде білім беру жүйесінің 100-ден аса қызметкері арнайы оқудан өтеді.


ШЫМКЕНТ: білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін алдын алу мәселелері жүйелі түрде ұйымдастырылады

Шымкент қаласында білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігін алдын алу мәселелерін жүйелі түрде ұйымдастыру мақсатында ТЖД-да жалпы білім беретін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының және мектепке дейінгі оқу орындарының оқытушыларын арнайы оқыту практикасын өткізіп отырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Білім беру мекемелеріндегі оқушылардың қауіпсіздігі мен жауапкершілігі» тақырыбында сарапшылық талдау кезінде айтылды.

Жыл сайын ТЖ департаментінде білім беру жүйесінің 100-ден аса қызметкері арнайы оқудан өтеді.

Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша 2023-2024 жылдары «Өрт қауіпсіздігі және улы газбен уланудың алдын алу» тақырыбында 12948 оқушыны қамтыған 594 нұсқама жүргізілді,1255 ата-ана қамтылған 28 жиналыс өткізілді, 663 оқушыға өрт сөндірушілердің күнделікті өмірімен техникаларын көрсете отырып, өрт сөндіру бөлімдерінде ашық есік күні ұйымдастырылды, 310 оқушы қамтитын 17 интерактивті сабақ өткізілді және мұғалімдермен оқушыларға 5 рет өрт-тактикалық оқу сабақтары өткізілді.

Департамент қызметкерлері өз бастамасымен өрт қауіпсіздігі тақырыптарында қызықты шығармашылық комикстер, мультфильм әзірлеп, балабақша бүлдіршіндеріне дейін қамтуға тырысуда.

Сондай-ақ, білім басқармасымен бірлесіп қаланың әр мектебінде «Жас құтқарушылар», Оқушылар сарайында «Қауіпсіздік әліппесі» үйірмелері құрылған.

2022 жылдан қазіргі уақытқа дейін білім беру объектілерінде өрт орын алмаған.

Балаларды тиімді тамақтанумен қамтамасыз ету басты бағыт болып табылады, өйткені балалардың денсаулық жағдайы оның тамақтануына тікелей байланысты. 6 жастан 18 жасқа дейінгі кезеңінде дененің қарқынды өсуі байқалады, бұл ақыл-ой мен физикалық белсенділіктің жоғарылауымен бірге жүреді.

Сонымен қатар, тамақтану рационы тиімді, теңдестірілген, әр түрлі болуы керек және баланың денесінің энергетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек. Дұрыс өсу мен даму үшін әр оқушы мен балабақша тәрбиеленушісі белгілі бір өнімдер жиынтығын алуы керек, яғни «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» және «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында көрсетілген өнімдердің белгілі бір жиынтығын алуы керек. Сонымен, рационда аталған өнімдер қамтылуы керек: сүт және сүт өнімдері, сүзбе, ірімшік, ет, балық, жұмыртқа, жарма және макарон өнімдері, өсімдік және жануар майлары, нан және нан өнімдері, көкөністер, жаңа піскен жемістер, табиғи шырындар.